Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарттарға құрмет көрсетілді

03.10.2022, 15:20 334

HALYQLINE.KZ  «Қарты бар елдің – қазынасы бар». 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қазалыда өткен салтанатты іс-шара осындай тұжырымға жетеледі. Оған тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері мен Қазалы ауданының құрметті азаматтары және көп балалы аналар қатысты.

Жиналғандарға Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев жылы лебізін арнап, құттықтау сөз сөйледі.

Өмірден көрген-түйген мол ұлағатты жандарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановтың «Өнеге көрсету үлкеннен, үлгі алу жастардан» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандармен қауышты.

Мұнан соң, қоғамдық өмірге белсене араласып, ел игілігі жолында тынымсыз тер төккен бірқатар ардагерге «Қазақстан ардагерлер ұйымына 35 жыл» мерекелік медалі, «Amanat» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет Грамотасы», республикалық ардагерлер ұйымы мен аудан әкімінің «Алғыс хаттары» тапсырылды.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет». Қазыналы қарттарға Қазалы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары ән-күйден көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, арнайы сыйлықтар ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: