Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда «Qazaq Oil» ашылды

12.03.2021, 10:45 430

HALYQLINE.KZ Кеше Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков жаңадан ашылған «Qazaq Oil» жанар-жағармай бекетінің ашылуына қатысты.

Нысанның ашылуында сөз алған аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Ауданымыздың елді мекендерінде өңдеуші салаға басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы саласында шағын цехтардың санын арттырып, шағын кәсіпкерлікті көбейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде ауданымызда кәсіпкерлік саласында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты. Өткен жылмен салыстырғанда салық пен төлемдердің бюджетке түсімінің ұлғаюы да экономикадағы оң беталысты көрсетіп отыр. Бүгінгі ашылған «Qazaq Oil» жанар-жағармай кешені осы жұмыстардың бір нәтижесі деуге болады. Бекетте жаңа заманауы жабдықтармен 6 колонкада бір мезгілде 12 көлікке бензин құю мүмкіндігі бар.

Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 23 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр. Осындай кешендер мен сауда нысандарының көбеюі – ең әуелі халық үшін пайдалы. Баршаңыздың жаңа бастамаларыңызға зор табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін. Ауданымызда осындай жарқын бастамалар жүзеге аса берсін» – деді.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов сөз алып, жаңа нысанның ашылуына ізгі лебізін жеткізді.

Ашылған нысанда жанар-жағар май құю бекетімен бірге жолаушыларға арналған шағын маркет қызметі жұмыс істейді.

Қазіргі таңда ауданымызда халыққа қызмет көрсететін орта және шағын кәсіпкерлік нысандардың маңызды жобалары жүзеге асырылып, ауданымыздың экономикалық әлеуетінің артуына айтарлықтай үлес қосуда.

Бүгінгі ашылып отырған кешеннің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық авто дәлізінің бойында орналасуының маңызы зор болып табылады.

Жарты әлемді байланыстыратын авто дәліз өңіріміздегі елді мекендерді жалғап, кәсіпкерлікті дамытуға оң септігін тигізіп келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: