Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарлаң» көпірінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде

06.06.2026, 21:01 37

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданындағы «Қарлаң» көпірінің құрылысымен танысты.
«Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16-шақырымында орналасқан Қарлаң учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жоба өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, елді мекендер арасындағы қатынасты жақсартуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«Нұрлы-Тау ЛТД» серіктестігі салып жатқан көпірдің ұзындығы – 248,29 метр, 6,3 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Толық аяқталғаннан кейін ауданаралық көлік қатынасы тұрақтанып, логистикалық байланыс едәуір жақсарады.

Облыс әкімі құрылыс сапасын назарда ұстап, белгіленген кестеге сәйкес аяқтаудың маңызын атап өтті. Мердігер мекемеге барлық талапты қатаң сақтай отырып, көпірді уақытылы пайдалануға беру міндеті жүктелді.

@ Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: