Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы тағайындалды

05.02.2020, 12:16 563

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың бұйрығымен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметіне Жасұлан Түйменов тағайындалды.

Жасұлан Қалдыбайұлы 1988 жылы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Көкшетау техникалық институтының түлегі. Әр жылдары Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері, аталған департаменттің өртке қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактика қызметі басқармасы техникалық нормалау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімін басқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: