Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалар арасында көлік қатынасын жүргізуге әлі ерте

15.05.2020, 9:59 509

Halyqline.kz–| Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қалалар арасында жеке көлікпен жүруге қойылған шектеу неге алынбағанын түсіндірді.

– Ұшақпен және теміржол көлігімен сапарлаған кезде, жолаушылардың арақашықты ұстауын, маска тағу режимін орындауын қадағалайтын жолсеріктер болады. Ал қалалалар арасында автобуспен тасымалдауда осындай қадағалау болмайды. Онда тек жүргізуші ғана отырады және оның мақсаты – көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан автобустарда жолаушыларға қатысты жағдайды бақылайтын адамның болмауына байланысты, қазіргі кезде қалалар арасында автобус қатынасын жандандыру ертерек. Блокпостарға тоқталсақ, бірқатар өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдай түзелген кезде, блокпостарды алып тастау бойынша мәселе кезең-кезеңмен қаралады. Сол уақытта автожолдарда жеке көліктердің қозғалысын жандандыруға мүмкін болады, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, өңірлерде коронавирус инфекциясы бойынша жағдайды ескере отырып, яғни мониторинг шаралары аясында автобус бағдарларын іске қосу мәселесі қаралатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: