Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пенделік қатынастың кейбір құпиясы…

18.04.2026, 6:30 65

HALYQLINE.KZ

— Егер біреу «жақында жолығайық» десе, нақты күні мен уақыты белгіленбесе, бұл көбіне «ешқашан жолықпаймыз» дегенді білдіреді.

— Сен өзің бірінші болып хабарласуды, жазуды тоқтатсаң, қарым-қатынастың 70%-ы үнсіз үзіледі.

— Бүгін сен қажет бола алмасаң, дәл бүгін-ақ ұмытылдың деген сөз.

— Сен пост жариялауды тоқтатсаң, көп адам тіпті сенің бар екеніңді де ұмытады.

— Адамдар сенің ой-пікіріңді мазақ етеді… оны басқа біреу сенен гөрі қаттырақ айтып шыққанға дейін.

— Көп жағдайда кешірім – шынайы өкініш емес, салдардан қорқу ғана.

— Адамдар сені жоғалтып алуы мүмкін екенін сезгенде ғана жақсырақ қарым-қатынас жасайды.

— Адамдар сенің жасаған жақсылығың мен құрбандығыңнан гөрі, қателігіңді ұзағырақ есте сақтайды.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: