Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Парламент мәжілісі латифундистерге сатылып кетті ме?

22.06.2023, 10:07 296

HALYQLINE.KZ

Осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер кімнің меншігінде екендігі ашық дереккөзден көрініп отыратын. Енді ол көрінбейді. Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан осы мәселеге орай дабыл қағып, тиісті органдардың назар аударуын сұрады.

Жер парламентте тек жалғыз Бакытжан Базарбекке ғана керек екен…

Енді сұрақ туындайды.

Парламент мәжілісінде қанша депутат осы заң жобасын қабылдауға дауыс берді! Және қанша депутат қарсы шықты? Қанша депутат қалыс қалды? Қанша депутат қолдады?

Абай облысында орманда өрт болып жатқанда қанша депутат іс-сапармен сол өңірге кетті? Қанша депутат осы заң жобасы қабылданар кезде келмей қойды? Осыдан статистикалық есепті шығарамыз.

Аisgzk.kz – мемлекеттік автоматтандырылған жер кадастрі базасы сайтынан жер иелері туралы мәліметтерді алып тастау жерсіз жүрген, өмірінде жер алмаған қазақтарға қарсы іс-әрекет пе? Себебі, Аisgzk.kz сайтында кадастр номері мен латифундистердің аты-жөні, қай әкімнің қаулысымен немесе шешімімен жер берілгені туралы толық ақпарат бар-тұғын. Енді «жаңа парламент» ашық ақпаратты жерсіз, баспанасыз, өзге диаспоралардың қолындағы қора сияқты жатақханаларда тұрмыс тауқыметін кешіп жүрген қазақтардан жасыру үшін қабылдап берді. Ашығы осы.

Мемлекеттік автоматтандырылған жер кадастрі қазақ қоғамы үшін жабылды. Енді кім қай жерге қожайын екенін көре алмайсыңдар. Менің жеке пікірімше, латифундистер ҚР Парламенті мәжілісін ығына жығып алды деп санаймын.

Сонда соңғы шақырылымдағы Парламент мәжілісінің депутаттарын кім сайлады және олар кімнің сойылын соғып отыр!? Міне, ең маңызды сұрақ осы!

Біз осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер кімнің меншігінде екенін ашық көріп отыратын едік. Енді мұны көре алмай отырмыз. Қазақстанның жерлерін иеленіп отырған алпауыттар мен олигархтар депуттаттарды сатып алып қойды деп күмәнданамын. Неге мынау проектіге дауыс беріп отырсыңдар!? Сонда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жер ешкімге сатылмайды!» дегені мен саясатына қарсы әрекет пе!?

Бір апта бұрын Абай облысындағы орман өртенді. Сол сәтте жер кадастрі – Аisgzk.kz сайтындағы деректер қоғам үшін жабылды. Себебі, неге бұлай жасауы мүмкін? Күмән өте көп. 2016 жылы жерді сатамыз деген заң жобасы шыққанда, Батыс Қазақстаннан бастап жерді сатуға қарсы митингілер болды. Соның арқасында Max Bokay мен Талғат Аян сотталып кетті. Осы арнайы жобаны өткізу үшін 15 адамның өмірі қиялды деп мен тағы күмәнданамын. Бұл «отвлекающий маневр» болуы мүмкін деп ойлаймын. 15 адамның өлімін пайдаланып, осы заңды қабылдап жібердіңдер ме!? Бұл неткен залымдық.

Президент бәрін дұрыс бастады. Аяғын неге бүлдіріп отырсыңдар!? Кімдердің мүддесіне жұмыс істеп отырсыңдар!?

Маңызды сұрақ!

Соңғы шақырылымдағы Парламент мәжілісінің депутаттары не үшін сайланды!?

Ал, жанашырлар! «Жаужүрек мың заңгерлер» коалициясын құрамыз, кімнің қолынан ноутбукпен заңды іске асыру келеді, сол келіп бізге біріксін. Дәл осы кадастрдегі деректерді алып тастаған, жер иеленуші латифундистердің, әкімдердің қаулылары мен шешімдерін қоғамға көрсеткісі келмейтін заң жобасын ұсынған құзырлы органды, осы заңды қабылдап жіберген Мәжілістің ішіндегі заң шығарушы комитетін, Ауылшаруашылығы министрлігін, Үкіметті сотқа береміз.

Алаңға шықса атасыңдар, соттайсыңдар. Ал, жер үшін мың жаужүрек қазақтар болып сотқа берсек, не істейсіңдер!?

Естеріңізде болсын!

Осындай заңсыздыққа жол бермес үшін заңдылықтарды қадағалайтын, халықтың мүддесі үшін жол бермейтін басты мүдделі тұлға ҚР Бас прокуратурасы және Президент әкімшілігі мынау әрекетке тоқтам қойыңыздар!

Өтініш!

Осы ақпаратты бүкіл ақпараттық кеңістікке таратыңыздар!

Автор: Бекболат Қаржан

Мәжіліс депутаттары:

Ермурат Бапи

Ермурат Бапи

Абзал Құспан

Еділ Жаңбыршин

Қазыбек Иса

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК

Самат Мусабаев

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасы Президенті

Пікірлер:
  • Өте орынды сауал. Қосыламын. Бұл сұрақтың шешуі бәрінен де маңызды болуы мүмкін. Жер мәселесі, еліміздің тәуелсіздігіне де байланысты.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: