Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар мен мұғалімдер не үшін жаттығады?

11.06.2021, 11:30 377

HALYQLINE.KZ Татарстанда орын алған қайғылы оқиғалардан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі аса өзекті болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері білім беру органдарымен бірлесіп мектептерді тексеруде, – деп хабарлайды Ортком баспасөз қызметі.

Олардың нәтижелерімен халық алдында есеп беру кездесуі барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырып өтті.


Еліміздегі барлық 7440 мектеп бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Бірақ олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді, мектептердің үштен бірінде ғана шұғыл хабарлау жүйесі, «дабыл түймелері» бар болғаны 8%, 5% – кіруді бақылау және басқару жүйелері, турникеттер – 4%, ал металл іздегіштер тек 91 мектепте ғана бар. 434 мектепте ғана балаларды кәсіби мамандардың күшімен қорғау қамтамасыз етілген, бұл тек 6%.


ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесін әзірледі – бұл қару, пышақ, кастет, жүздер, жарылғыш құрылғылардың имитаторлары, аэрозоль бояулары, пиротехникалық құралдар мен газ баллондары, балалардың денсаулығына қауіпті басқа да заттар. Ережелер 13 маусымнан бастап күшіне енеді.


«Сонымен қатар, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қойылатын қосымша біліктілік талаптары енгізілуде. Қазіргі уақытта ІІМ Білім министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге, ал ТЖ министрлігімен – өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, террорлық шабуылдар, басып алу жағдайында техногендік, табиғи сипаттағы ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға оқушылар мен персоналдың арнайы дайындығын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар қосымша шараларды пысықтауда…», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: