Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ол жаққа кім барып келді дейсің?

13.06.2021, 12:00 538

Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахнасында небір де жайсаң-жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді. Алла тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан-жануарлардың тілін білетін муғжиза берді. Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта.

– Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:

– Мен көлдің жағасында отырып, көлге бір балықшының келгенін көрдім. Ол жерді қопарып қып – қызыл құрт тауып алды да: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Ұлы Алласын аузына алмай сөйледі. Осыны естіп балықтарды ескертпекке суға түстім.

-Я, балықтар сыртта бір адам жерден қызыл құрт тауып алып: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Алласын ұмыт қалдырды. Егер құртты көрсеңдер оның астында істік темір бар, оған іліксеңдер балықшы сендерді судан суырып алып, қуырып жейді” – деп ескерттім. Бір үлкен балық келіп : “Ей!, ол жаққа кім барып келді дейсің?” – деп бірінші болып қармақты қапты да жіберді.


Ғалым Оспан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: