Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынады– Ерлан Боданов

04.05.2023, 11:00 303

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің ұжымымен өткізге кезектен тыс педагогикалық кеңесте мектеп бітіруші түлектердің ақша жинауына мүмкіндік бермеу керектігін қатаң ескертті.

– Қатаң түрде ескертетін жәйт, мектеп бітіру кештерін өткізу барысында бітірушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажет.

Бітіру кештерін міндетті түрде мектеп қабырғасында және ауласында өткізу, шараға бітірушілердің мектеп формасымен қатысуын және барынша қарапайым түрде өткізілуін қамтамасыз ету жүктеледі.

Сонымен қатар, үйлер мен ресторандарда, басқа да ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кештерін өткізу және бітірушілердің автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеу, бітірушілердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында медициналық, өрт қызметтері, ішкі істер органдарымен бірлесіп шаралар қабылдау және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру үшін ана-аналардан ақша жинамауды, ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар берілуіне жол бермеуді және шараларды мектептің қолда бар мүмкіндігімен ұйымдастыру керектігі ескертіледі.

Сондай-ақ, табиғат аясына серуендеуге, өзен, көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне тыйым салу және төтенше жағдай бөлімдерімен бірлесіп кезекшілік ұйымдастыру, бітірушілер, ата-аналар және педагогтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесіп белсенді түрде жүргізу керек, – деді Ерлан Теңізбайұлы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: