Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ойлантар нәрсе көп…

18.01.2024, 8:00 126

HALYQLINE.KZ

1. Өзгеден алған дүниені қайтара біл.

2. Сенен күткеннен де артығырақ істе.

3. Адамды көптің көзінше мақта. Жеке қалғанда сына.

4. Мінезіңді тұсаулай біл.

5. Адамдарға екінші мүмкіндік берсеңіз де, үшіншісін бермеңіз.

6. Біреу сенің кеңесіңді тыңдамады деп мұңайма, тыңдады деп мақтанба.

7. Ақша шексіз бақыт әкеледі деп шаттанбаңыз.

8. Бай болғың келсе, ашкөздігіңді азайт.

9. Ұлылық туралы ойла, бірақ, кішкене қуаныштан ләззат ал.

10. Өзгенің құпиясын сақтай біл.

11. Алдымен үш рет ойлан, сосын үндеме.

12. Кездескен әрбір адамыңыз сіз білмейтінді білуі мүмкін.

13. Өзгенің жетістігіне қуана біл.

14. Құдайдан ақша мен алтын емес, даналық пен даралықты сұрап көріңізші…

15. Мұңаю мен түңілуді өмірдің бір бөлшегі ретінде қабылдаңыз.

16. Өзіңе жасалған жақсылықты есіңде сақта, өзің жасаған жақсылықты ұмытып кет.

17. Жаңа достар тапсаң да, ескі досты ұмытпа.

18. Тәніңді жаныңның табыты етпе.

19. Бірдеңеге қол жеткізгеннен кейін одан ләззат алуға уақыт тап.

20. Тапқырлығыңды біреуді ренжітуге емес, тамсандыруға пайдалан.

21. Өмірден куаныш табуды үйрен – бақытқа жетелейді.

22. Бақыттың соңынан жүгірме, ол өз бойыңда тұр.

23. Өзгені түсінгің келсе, өзіңе үңіле қара.

24. Бұйрық бермес бұрын, оны орындауды үйрен.

25. Есіктен кірмес бұрын, одан шығар жолды ойлан (қайта кірер есігіңді қатты жаппа).

Интернет  желісінде  жарияланған  дүниелерден  аударған

Айгүл  САҒЫМБАЙ.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: