Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өтіріктің де орны бар

17.09.2022, 10:00 229

HALYQLINE.KZ

Жас мұсылман жігітке жала жабылады. Соңында өлім жазасына кесіледі. Жазаның орындалу уақытын күтіп отырған жігіт, өзіне жала жапқан адамдарға және мұның арасында патшаға да аузына келгенін айтып, бәрін сөгіп айғайлап жатады. Бұл ащы-ащы шыққан дауыстар біраз уақыт жалғасады. Патша сарайына да бұл айқай естіледі. Бірақ алыста болғаны үшін патша жігіттің не айтып жатқанын ұға алмайды.

Екі уәзірінің жанына барған патша:

«Бұл жігіт не деп айқайлап жатыр?»,- деп сұрайды.

Бірінші уәзірі:

«Патшам бұл жігіт «Алла кешіргендерді үстем етеді!» – деген хадис шәрифті айтып жатыр, «Кешіргендердің барар жері Жәннат!» – деп, сізден кешіруіңізді сұрап жатыр» – дейді.

Бұл сөз патшаның көңілінен шығады. «Бұл жігітті кешірдім, босатыңдар» – дейді.

Екінші уәзір дереу сөзге араласып:

«Құрметті патшам, бұл уәзіріңіз сіздің ұлылығыңызға қарсы өтірік айтты. Ол жігіт кешірім сұрап жатқан жоқ, сізді балағаттап жатыр» – дейді.

Сонда патша:

«Ей уәзір, сен орынсыз шындықты айтып, екі адамның өліміне себеп болмақсың. Ал мына уәзірдің өтірігі бір жанды құтқарған еді. Ұмытпа «Іске жараған өтірік, фитнаға себеп болған шындықтан жақсы» – дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: