Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт қауіпсіздігімен қалай күресеміз?

10.02.2020, 10:20 476

Жылыту маусымында электр жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу төтенше жағдайдың болуына алып келеді. Ал, профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін жіті түсіндіру.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындар қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізіп келеді. Былтырғы жылдың қаңтар айында облыс аумағында 16 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың есепті кезеңінде 35 өрт оқиғасы болған. Бұл, әрине, нәтижелі үгіттеу-түсіндіру жұмыстарының көрсеткіші екенін аңғартады. Десе де, профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық әңгімелесуден басқа мамандар пештердің жай-күйін және от жағу материалдарын сақтау шарттарын тексеріп, үйдегі электр сымдарының жай-күйіне назар аударуда. Мұнан өзге азаматтарға өрт қауіпсіздігі шаралары мен жедел қызметтердің телефондары бар жадынамалар табысталуда.

Профилактикалық жұмыстары барысында мамандар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатуда. Қазірдің өзінде 2 298 отбасы датчиктің игілігін көріп отыр.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: