Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс басшылығы саяси партия хатшысына Президент саябағындағы ірі жобаларды таныстырды

13.05.2026, 13:35 61

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаевқа қайта салынған Президент саябағын, балалар лагерінің құрылыс барысын таныстырды.

Жаңа саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол және футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан. Жалпы 31 гектар аумаққа 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілген.

Саябақ аумағын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 6 гектарға 300 орындық заманауи балалар лагері, 2,4 гектар аумаққа Ботаникалық білім беру орталығы, 8,2 гектарға тоғыз қабатты 15 тұрғын үй салынып жатыр. Сонымен қатар, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық, заманауи Президенттік кітапхана құрылысы қарқынды жүруде.

Балалар тынығу лагері жеткіншектерді салауатты ортада тәрбиелеуге арналған. Лагерь спорт кешені, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктар, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған event-аймақ, 5 киіз үй, ашық бассейн, ойын алаңдары және амфитеатрдан тұрады, жыл он екі ай қызмет көрсетеді. Жаңа нысан 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында пайдалануға беріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: