Маңғыстау облысының әкімі Айрақты аумағын қоқыстан тазалап, көпшілікке үндеу жасады. Экологиялық шараға мемлекеттік қызметкерлер, экологтар мен еріктілер қатысып, табиғи аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысты, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын Маңғыстау табиғатын аялауға және тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
– Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ұғымы қоғам санасына сіңіп келеді. Алайда бүгінгі таңда ата-бабамыз жанын қиып қорғаған қасиетті жерлерде демалушылардың қоқыс қалдырып кететін жағдайлары әлі де кездеседі. Осыған байланысты әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге волонтерлік топ құрып, табиғатты тазалау жұмыстарына атсалысуға келдік. Біздің даламызды сырттан келіп ешкім тазалап бермейді. Бұл – біз барған жалғыз ғана орын, ал мұндай аумақтар өңірімізде көп. Сондықтан қай жерде жүрсек те айналамызды таза ұстап, өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін насихаттау – баршамызға ортақ міндет деп санаймын және тазалық сақтауға шақырамын, – деді облыс басшысы.
Фото: gov.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!