Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлан имамға интернетте уағыз айтуға ресми түрде рұқсат етілді

24.07.2026, 10:55 59

Елімізде тұңғыш рет имамға және оның орынбасарларына дін тарату мен уағыз-насихат айтуға заңды түрде рұқсат беретін ресми миссионерлік құжат тапсырылды. Бұл туралы белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан имамның айтуынша, бұл куәлік Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына толық сәйкес берілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еліміз аумағында діни ілімді тарату, уағыз айту және миссионерлік қызметпен айналысу үшін жергілікті уәкілетті органдардан ресми тіркеу мен арнайы куәлік алу талап етіледі.

Бұл жолы аталған куәлік-құжат Қазақстан тарихында бірінші рет имамның өзіне және оның екі наиб-имамына ресми түрде беріліп отыр.

«Қазақстанда тұңғыш рет! «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, дін тарату, насихат айту, яғни миссионерлік құқық беретін куәлік-құжат бірінші рет елімізде имамға, яғни маған және менің екі наиб-имамыма ресми түрде берілді», – деп жазды Нұрлан имам.

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: