Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«НАН» деп атауға тыйым салатын қаулы қабылданды

05.10.2020, 15:45 657

HALYQLINE.KZ Ирландия соты құрамында қанты мөлшерден тыс көп болса, ондай нан өнімін «нан» деп атауға тыйым салатын қаулы қабылдады. Осылайша соңғы жылдары семіздік індетіне себеп болып отырған факторлардың біріне сот шешімімен тосқауыл қойылуы тиіс…

Дәлірегі, бұл арада Subway сэндвичі үшін пайдаланылатын нан ендігі жерде заң тұрғысынан нан аталмауы тиіс. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Ирландия аумағындағы жедел қызмет көрсететін мейрамханалар желісінің франшизіне ие «Bookfinders Ltd» компаниясы сотта жеңіліс тапты.

Irish Independent ақпарат көзінің хабарлауынша, заңмен қуғындалушы тарап сотта сэндвичтің наннан дайындалатынын дәлелдеуге тырысқан. Аталған фирма бұл фактіні сотқа мойындатса, Ирландиядағы негізгі тағам түрі ретінде нанға қосымша құн салығы салынбайтындықтан салықтық жеңілдікке қол жеткізер еді. Бүгінде аталмыш компания нанға қосымша құн салығы 0% мөлшерлемесінде болғандықтан жалпы жиынтық бойынша 9,2% мөлшерлемесі бойынша қосымша құн салығын төлеп жүр.

2006 жылы Ирландияның кіріс жөніндегі комиссиясы 2004-2005 жылдар аралығында төленген қосымша құн салығын «Bookfinders Ltd» компаниясына қайтарудан бас тартқан еді. Сол себепті, компания сотқа шығам түсірген болатын. Ирландияда 1972 жылы қабылданған қосымша құн салығына қатысты заңда көзделген талап бойынша ұннан иленген қамырдағы қант пен майдың және түрлі қоспалардың мөлшері қамырдағы ұнның салмағына шаққанда 2%-дан аспауы тиіс. Ал Subway сэндвичінде пайдаланылатын қанттың мөлшері ұнның салмағына шаққанда 10%-ды құрап отыр. Яғни, нормадан бес есе көп.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: