Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрдің орынбасары Қызылордаға келді

03.08.2020, 15:40 264

HALYQLINE.KZ 29-30 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің Қызылорда облысына жұмыс сапары өтті. 

Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықовамен кездесу барысында Ю В.Ильин Департаменттің жаңа бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.Ж.Даниловты таныстырды. 

Аймақ басшысымен өткен кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту бойынша маңызды мәселелер талқыланды.   

Мұнан соң Ю.В.Ильин гарнизонның жеке құрамына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығын таныстырды. Шара барысында Қызылорда облысы ТЖД бұрынғы бастығы О.Қ.Бержановтың атқарған еселі еңбегін, ведомстваның қызметін жандандыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.   

Кеңесте Министрдің орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алдында тұрған табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайлардан ел халқы мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерге тоқталды. Жеке құрам арасында заңдылықты қамтамасыз ету және қатаң тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, халықтың Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге деген сенім деңгейін арттыру мақсатында қажетті шараларды атқаруды тапсырды.    

Қызметтік іс-сапардің екінші күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, 2019 жылы қолданысқа берілген №7 өрт сөндіру бөлімінің ауласында үнемделген қаражат есебінен жеке құрам күшімен салынып жатқан қойма мен ангар құрылысымен танысып, бөлім өрт сөндірушілеріне халық қауіпсіздігі жолындағы істеріне сәттілік тіледі.          

Мұнан соң жедел құтқару жасағының жұмысымен танысуға барған Ю.В.Ильин Сыр құтқарушыларының техникалық базасымен танысты. 

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: