Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр коронавирусқа қарсы 10 шараны атады

01.07.2020, 10:45 433

HALYQLINE.KZ Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің тиімді жолдарын ұсынды.

Министрдің пайымдауынша, осы уақытқа дейін коронавирусқа қарсы Үкімет қабылдаған шаралар індеттің таралуының алдын алыпты. 

Ендігі кезекте Цой коронавируспен күресте халыққа қажетті 10 негізгі шараны жүзеге асыруды ұсынды.

– амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;

– дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

– COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қолжетімділігін арттыру;

– сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;

– шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;

– науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

– амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;

– ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;

– жерлеу тәртібін өзгерту;

– азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Тоқаев жауапты басшыларға 2 күн ішінде қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша өзіне ұсыныс әзірлеуді тапсырған.  Осы орайда, Цой мемлекет басшысы өткізген коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңеске сақадай сай келгенін байқатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: