Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр Алмасадам венгр қызына жете ала ма?

27.04.2023, 15:16 230

 HALYQLINE.KZ Қазақстанға қазақ тілін үйренуге венгр қызы келіпті. Есім-сойы – Богларка Фехер. Түркістан қаласында тұрып жатқан ол халқымыздың мәдениетіне қызығушылығы артқан. Ерасыл Қауымбаев есімді ұстазынан қобыз бен домбырада ойнауды үйреніп жүр екен.

Өзге елдің қызы қазақ тілін меңгеру үшін ат арытып көшіп  келіп отыр. Мұндай жаңалыққа қуанып қалады екенсің. Ал осы елдің ауасымен тыныстап, топырағын басып жүрген шенділер «ана тілімді білмеймін» деп жұрт алдында талай мәрте ұятқа қалғаны бар. Солардың ең есте қалғаны –  бұрынғы Ұлттық экономика мнистрі мен Сыртқы істер министрі. Тимур Сүлейменов Мәскеуде бес жыл қызмет етем деп жүріп ана тілін ұмытып қалса, Ерлан Ыдырысов миымды ауыстырмасаңдар қазақша сөйлей алмаймын деп кіжінген болатын.  

Жуырда ғана Үкімет отырысынан соң сұхбат беруге шыққан Энергетика министрі  Алмасадам Сәтқалиев те қазақ тілінде еркін сөйлей алмайтын болып шыққан.

– Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз. Сіздің қазақша сұрақтарыңыздың бәріне жауап беретін боламын. Жауап сапалы болу үшін орысша беріп тұрмын, – дегені естен кете қойған жоқ.

Богларка Фехер өзін өзі асыраушы қарапайым азаматша да, біз атаған министрлер қазақстандықтардың күйін күйттейтін деп келген мемлекеттік қызметшілер. Бұрынғы министрлер өтті де кетті. Бізді соңғы минмстріміз Алмасадам Сәтқалиевтің сөзі мазалайды. Ол алты айдан соң қазақша сайрап жүрген Богларка Фехердің деңгейіне жете ала ма, жоқ па?

Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: