Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру мәселелері туралы отырыс өтті

19.10.2023, 16:30 161


2023 жылғы 18 қазанда Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде мәжіліс отырысы өтті.

Мәжіліске Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің салаға жетекшілік жасайтын орынбасарлары, қалалық, аудандық мәдениет және спорт, Шиелі, Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ аудандық филиалдарының төрағалары (аудандар онлайн форматта), облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекция басшылары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы,Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.

Мәжіліске Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы У. Ибраев төрағалық жасады.

Күн тәртібіне сәйкес «Өңірдегі мемлекеттік тіл мәселелері және алдағы міндеттер туралы» облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Л. Есімнің, Қызылорда қалалық мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Қ. Алтынбаевтың «Қызылорда қаласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» баяндамалары, «Құрылыс саласында құжаттама және ісқағаздарын жүргізуде тіл туралы заңнама талаптарының орындалуы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М. Әліптің, «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында құжаттама және ісқағаздарын жүргізуде тіл туралы заңнама талаптарының орындалуы туралы» Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары О.Исмалаевтың хабарламалары тыңдалды. «Тегімізді ұлттық дәстүрге сай ауыстырудың тәртібі туралы» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж. Ахетова түсіндірме берді.

Жиын барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсат сөз алып, мемлекеттік тілдің барлық салада толыққанды қолданылуын қамтамасыз ету шараларын қолға алуды, қала әкімдігі тарапынан кәсіпкерлердің арасында бағытты жұмыстардың жүргізілуі қажет екендігін айтты.

Мәжіліс қорытындысымен қала және аудан әкімдіктеріне, облыстық басқарма, департамент басшыларына мекемеде және салаға қарасты ұйымдарда тіл туралы заңнамалардың сақталуын қатаң бақылауға алу, шығыс құжатайналымы құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі төмен және қаржылық құжаттарында тіл туралы заңнама талаптары бұзылып отырған мекеме басшыларына орын алған кемшіліктерді жою, сондай-ақ, тегімізді ұлттық дәстүрге сай ауыстыру жұмыстарының тәртібін ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: