Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қабылдады.

22.05.2026, 18:15 22

Кездесу барысында Палатаның конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары баяндалды. Ерлан Қошановтың айтуынша, Парламент жаңа Ата заң нормаларын іске асыруға мүмкіндік беретін жеті конституциялық заңды қабылдаған. Олардың қатарында Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, елорда мәртебесі және Алатау қаласының арнаулы құқықтық режиміне қатысты заңдар бар.

Мәжіліс сессиясы басталғалы бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Оның ішінде құрылыс, цифрландыру, жасанды интеллект, банк саласы, құқықбұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет, ғылым, педагог мәртебесі және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты құжаттар қамтылған.

Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы бар. Олар рақымшылық жариялау, жол қауіпсіздігін цифрландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарын қамтиды.

Сонымен қатар Мәжіліс сессия соңына дейін Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның былтырғы республикалық бюджетті игеру жөніндегі есебін тыңдауды жоспарлап отыр.

Кездесуде парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстар, соның ішінде ТүрікПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және өзге халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері де сөз болды.

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: