Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада коронавирус туралы жиын өтті

12.03.2020, 16:23 732

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында тиісті сала басшыларының қатысуымен инфекцияның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов «Аймаққа шетелден келген тұлғалар тексерілу үстінде. Бұдан бөлек, инфекцияның алдын алу бойынша күнделікті штаб отырысы өткізілуде. Ал атаулы даталар (Наурыз мейрамы) жəне жабық кешендердегі іс-шараларды өткізуге шектеу қойылады», – деді.


Облыстық білім басқармасы басшысын міндетін атқарушы Бағдат Кəрбозұлы: «Облыстағы білім ошақтарындағы сабақ тоқтатылады. Ал мұғалімдер штаттық режиімде жұмыс істейді», – деп атап өтті.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов  бетперде (маска) тапшылығы еліміздің барлық өңірінде бар екендігін атады.

Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар, қажетті дәрі-дәрмекпен толық жабдықталған.

Облыс орталығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында 245 төсек орын болса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Қосымша төсек орнын жабдықтау» бұйрығы негізінде қосымша 190 төсек орын ашылған.

Атап айтар болсақ, Шиелі ауданаралық ауруханасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығыныңТереңөзек бөлімшесінде, Қармақшы аудандық ауруханасында, Қазалы ауданаралық ауруханасында қосымша 400 төсек орынға провизорлық станционарлар ашылған.

Брифинг барысында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Рахымжанқызы Қызылорда қаласында өтетін барлық концерттердің кейінге қалдырылғаны туралы айтты.

Ал, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова ауру ошағының келгенін жасырып, станционарларға қаралмаған адамдар жауапқа тартылатынын атты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: