Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майдангер жолы

08.05.2025, 14:15 434

9 мамыр Жеңіс күні. Бұл қазақ халқы үшін де айтулы күн болып саналады. 1941-1945 жылдар аралығында қаншама жас азаматтар қолына қару ұстап, ел шебін жаудан қорғауға аттанды. Ауылда қалған әйелдер мен балалар «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» ұранымен тынымсыз тер төкті.

Ұлы Отан соғысы ардагерінің бірі – Жағыпар Оңалов. Ол 1918 жылы Тереңөзек ауданының Майлықұм қыстағаныда (қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылында) дүниеге келген.

1939 жылы Финландия, 1941 жылы Германия майдандарында болып, кеңес одағы елдерін азат етуде аянбай тер төкті. Сұрапыл соғыс оның болашаққа деген үміт жоя алмады. Керсінше жау әскерін жеңуге деген жігерін жани түсті.

Майдан даласында жасаған ерліктері үшін бірнеше мәрте орден, медальдарымен марапатталды. Қайсар қазақ ел мен жері үшін күн-түн демей бейбітшілік жолында табанды күресе білді.

Ардагер атамыз соғыстан кейінгі жылдары елге оралып, 1946 жылы еңбек даласына кірісіп кетеді. Дала төсін дүбірге бөлеген егістік басында бригадир болып, ауыл шаруашылық өнімін өндіруде мол тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар ауыл мектебінде завхоз, аудандық шегірткеге қарсы күрес экспедициясында агроном болың жұмыс істеді. Ол қай жерде жұмыс істесе де ел болашағы, ұрпақ ертеңі үшін уақытпен санаспай атқара білді. Одан кейінгі жылдары Қызылорда қаласында электрмен қамту мекемесінде зейнетке шыққанға дейін табанды еңбек етті.

Жағыпар Оңалов екінші дүниежүзілік қиян кескі ұрыста ұрпақ тыныштығы, ұлт келешегі жолында батыл қадамдар жасай білді. Оның жарқын болашақ жолындағы өнегелі өмір жолы көпке үлгі тұтарлық. Отанды қалай сүю керектігін, олар ешбір кітаптан оқымай-ақ жүрегімен сезіне білді.

Міне, сол майдангер аталардың даңқты жолын біз қалай құрметтеп, қалай мадақтасақ та жарасады. Өйткені, бұл – ерлік жолы. Ал, ерлік ешқашан ұмытылмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: