Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс депутаттары ХҚО-ның жұмысымен танысты

12.08.2020, 18:20 429

HALYQLINE.KZ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұмаділдаева Наталья Васильевна және заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жұмыс сапарымен Қызылордада болып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалға қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының тұрғындарға қызмет көрсетуі мен атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулылары Қызылорда облысындағы жұмыс сапарында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен карантиндік талаптардың орындалуымен танысу мақсатында қаламыздағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің жұмысымен танысты.

Депутаттық аралау барысында бөлімдегі қызмет көрсету барысы кеңінен таныстырылып, №1 бөлімде цифрлы қызмет алудың артықшылықтарын кеңінен насихаттау туралы мәселелер айтылды.

Мәжіліс депутаттары халыққа қызмет көрсету бойынша орталықтар кедергісіз жұмыс жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқандығына көз жеткізіп, өздерінің оң бағасын берді.

Айта кетейік, сапар барысында халық арасында түйткілді мәселелерді анықтап, Үкіметке жеткізу және шешу жолдарын енгізу көзделген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: