Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аманкелді Кененбаев, мүсінші: «Сол жағалаудан ана образын көргім келеді»

04.07.2020, 10:00 1902

Тілші: Кімнің мүсінін жасағыңыз келеді?

Суретші, мүсінші: Жақсы сұрақ екен. Рас, жүрек қалауың немесе өзің қатты берілетін жұмыстар болып тұрады. Мысалы, менің бір эскиздік жұмысым бар еді, «Бегім ана» деген. Оның алдында “Сыр ана” деген конкурс болды. «Сыр анамыз» үшін 6 эскиздік жұмыс тапсырдым. Білесіз бе, бұл дегеніңіз алты дүркін ойлану, қаншама сағатты жоғалту, маңда­й тер, есіл еңбек ғой. Содан не керек, қорытындысында өзге біреу конкур­стан жеңімпаз болып, “Сыр ана” монументін тұрғызды. Темірден жасады­ да, әкеліп қоя салды. Ол – өнер емес.

Тілші: Сонда “Сыр ана”  монументі әуелде­  мүсін  ретінде  жасалуы тиіс екен  ғой…

Суретші, мүсінші: Иә, Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы  бойынша алдық ғой деймін сонда биіктігін. Қазіргісі қанша екенін, кімдер істегенін де білмеймін. Сондағы “Сыр анаға” көп күшім кетті. Әлгінде сөзімді Бегім ана деп бастадым ғой. Соны жалғастырайын. Жолдас жігіт екеуміз осы мүсінге де біраз күшімізді жұмсадық. Ол мемлекеттік комиссиядан өтті. Барлығы дайын болып, енді ғана істейін деп жатқанда аяқсыз қалды. Сөйтсек, мұны бастаған жеке кәсіпкер екен  де, мемлекеттен ешқандай  қара­жат­ бөлінбеген екен. Жалпы, Бегім ананың­ өмірі ескерткіш жасауға тап­тырмас образ еді. Сондықтан асқан құлшыныспен бастағанбыз. Жоба бойынш­а сұлбасын қаламыздың көп­теген жерлеріне қойып та көргенмін. Қызығы мынау, кейіннен Қазалы ауданын­да Бегім анаға ескерткіш қойылды­. Өкініштісі, ол кезінде мемле­кеттік комиссиядан да, облыстық комис­сиядан да өтпей қалған жұмыс болатын­. Қазір ол Бегім ана ма, басқа ма, мен білмеймін. Сыр – Алаштың анасы ғой, сондықтан осы тақырыпта тамаша туынды жасауға дайынмын. Ол образды сол жағалауға орналастыру керек­. Екі рет сүрініп қалған тақы­рыбымды айтып отырмын. Мүмкін, үшінші  рет орындалып  қалар…

Республикалық «Халық» газетінің мұрағатынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: