Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күзде Қазақы тазы мен төбет күнін атап өтеміз

20.04.2026, 12:05 64

HALYQLINE.KZ

Биылдан бастап Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі.

Тиісті үкімет қаулысы Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: Қазақы тазы мен төбет күні – 3 қыркүйек», — делінген қаулы мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация қазақ тазысын мойындап, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: