Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус: Қызылордада тіркелген жоқ

20.03.2020, 17:02 516 0

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, 20 наурыздағы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Кесел көптеп тіркелген Франция, Иран, Италия, Испания және Германия елдерінен Сыр елінің аумағына 2020 жылдың 7 наурызынан бүгінгі күнге дейін Қазақстанның – 3, Сербияның 1 азаматы (барлығы Германиядан келген) келген. Бұлардың барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының оқшаулау бөлімінде жатқызылды. Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтардан КВИ анықталмады.  

I (б) категория елдерінен (ҚХР, Оңтүстік Корея, 1а) санаты тізбесіне кіретін елдерден басқа Шенген аймағының елдері) Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 7 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген ҚР-ның азаматтары жоқ.

Ал II категорияға жатқызылған елдерден (Филлипин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Тайланд, АҚШ) біздің аймаққа 2020 жылдың 7 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген барлық ҚР-ның азаматтарының саны – 9 (БАӘ). Қазіргі уақытта бұл азаматтар үйлерінде 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

Ешқандай категорияға жатпайтын, бірақ КВИ тіркелген елдерден келген ҚР азаматтар саны – 3 (Иордания, Беларуссия), бұл азаматтар телефонмен бақылануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: