Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кореяның ауылдық аймақтарды дамыту агенттігі жұмысымен танысты

25.05.2023, 10:10 289

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Чоллабук-до провинциясы мэрімен кездесуден кейін Кореяның Ауылдық аймақтарды дамыту агенттігіне барып, оның жұмысымен танысты.

Осы провинцияда орналасқан агенттік – ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды енгізу, кәсіпорындарды ғылыми-инновациялық сүйемелдеу, «Ақылды фермалар» құру және жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын жасау бағытында практикалық зерттеулер жүргізетін Кореяның бірегей орталығы. Агенттікте егіншілік саласына жаңа әдістер мен сорттар қосу мақсатында Кореяның егін және күріш шаруашылығы ұлттық институты жұмыс істеуде.

Кездесуде күріш өсірудегі кореялық инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, суды үнемдеу мен мониторингілеудің озық тәжірибелерін енгізу бойынша бірлесіп жұмыс жасау ұсынылды.

Сондай-ақ әкімдік тарапынан кореялық әлеуетті компанияларымен бірлесіп, облыс аумағында жемістер, көкөністер және бақша өнімдерін терең өңдеуге бағытталған кәсіпорындар құруға ниет білдірілді. Алдағы уақытта Агенттік пен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы арасында тиісті жұмыстар жалғастырылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: