Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Контейнерлер өртеніп, 3 адамды күйік шалды

29.01.2021, 10:30 331

HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 26 қаңтар күні  11 сағат 09 минутта «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 25-шақырымындағы «Мерси КЗ» ЖШС-не тиесілі контейнерлердің жанып жатқандығы жөнінде хабар түсті.

Шақырту бойынша оқиға орнына №5 өрт сөндіру бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде контейнер ішінен 3 жұмысшыны алып шығып, жедел-жәрдемге табыстап, қызыл жалынды әрі қарай сөндіруге жұмыс істеді. Өрт салдарынан 1971, 1997 және 1992 жылы туған азаматтар жарақаттанды, жағдайы ауыр. Олар облыстық медициналық орталығының жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Өрт сағат 12-ден 20 минут кеткенде толық сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қазіргі таңда арнайы өрт зерттеу сараптамасы тағайындалды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.  Өртті сөндiруге 7 өрт сөндiрушi 2 арнайы техникамен жұмылдырылды.  

 Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: