Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлікті қайта тіркеу – Қызылордадағы ең танымал қызмет

15.10.2020, 9:30 529

HALYQLINE.KZ Облыс бойынша азаматтар ең көп қолданатын танымал қызметтер жайында мәліметтерді бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін біз сіздерге көлікті қайта тіркеу бойынша облыс көлемінде қанша қызмет көрсетілгені жайлы айтып беретін боламыз.

Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл басынан бері қала бойынша 42 671, аудан бойынша 20 386 көлік тіркелген. Жалпы, Қызылорда облысының тұрғындарына көлікті қайта тіркеу бойынша 63 057 қызмет көрсетілген.

Айта кетейік, аймақтағы көлік санының аздығына қарамастан, автонарықтағы алып-сату үлесі 10 пайызға жақын болып тұр.

Көлікті қайта тіркеу қызметін онлайн алуға болатынын ұмытпаңыз. Ол үшін алдымен сатушы тарап өтініш жіберу қажет. Содан кейін, сатып алушы өтінішке келісімін береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: