Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кітап құрттары» клубы 4 жылдығын атап өтті

03.02.2023, 9:50 173

HALYQLINE.KZ Кеше облыстық Жастар ресурстар орталығында «Кітап құрттары» кітап клубының құрылғанына 4 жыл толуына орай «Kitap Qurttary Quiz» атты зияткерлік сайысы өтті. Бұл білім додасының басты мақсаты – жасөрендердің интеллектуалдық қабілетін арттыру және кітап оқу мәдениеттілігін барынша дәріптеу.

Білімге құштар жас өрендер басқосқан сайыстың ашылуына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, «Кітап құрттары» клубының мүшелеріне арнайы алғыс білдіріп, жас ұрпақтың бойына білімге деген құштарлықты оятуда сүбелі үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті.

Іс-шара барысында қаладағы 34 мектептің озат деп танылған 10-11 сынып оқушылары интелектуалдық бағытта өзара сайысып, қызықты тапсырмаларды орындады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар табыс етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: