Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кент көшелеріне 17 контейнер қойылды

21.01.2021, 16:00 481

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінің көшелеріне 17 қоқыс контейнері қойылды.

Негізгі мақсат – кент көшелерінің тазалығын сақтау, әр бағананың түбіне қойылатын қоқыстың алдын алу. Жасыратыны жоқ, кейбір кент тұрғындарының ауласынан шыққан қоқыстарды есігінің алдына шығарып, әр электр бағаналарының түбіне қоюды әдетке айналдырғаны жасырын емес. Мұның алдын алу үшін Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров қызметкерлерімен бірге қаншама түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де, көшеге қоқыс тастаушылардың қатары азаймай отыр. Тіпті аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер де ұйымдастырылып, тәртіп бұзған тұрғындарға айыппұл да салынды.

Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кенті бойынша Жанқожа батыр және Р.Бағланова көшелерінің бойына қоқыс тастауға арналған контейнерлер орналастырылды.

Енді кент тұрғындары үйден шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды көше бойына тастамай, арнайы жәшікке салса болады.

Тазалық – баршаға ортақ! Ортақ үйіміздің тазалығын сақтайық!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: