Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кеңесбай ағаның көшеті

09.05.2026, 1:06 26

Қызылорда жоғары медициналық колледжі ғимаратының маңдай алдында жасыл желекке оранған аллея бар.

Тәнге қуат, жанға шуақ сыйлаған осы саялы ағаштарға мән беріп қарасаңыз, көп жайды аңғарасыз. Біріншіден, «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды тірілте түседі. Екіншіден, өзі өмірден өтсе де көзі боп қалған ағаштар жайқалып тұр. Ағаштың жанында оны еккен кісінің есімі жазылған тақтайша орнатылған.

Солардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Кеңесбай Қалиев деп жазылған тақтайша бар.

Тоқсан жастан асып, жүзге жақындаған жайсаң қайта тіріліп келгендей болды. Көз алдымызға кемел кісінің келбеті келді. Ағаш еккен адам тәңірдің шапағатына бөленеді деген сөз де рас, онан бөлек, дана дәрігердің жолын жалғаушы ұрпақ сол ағашқа қарап бой түзейді. Олар ардақты атасындай абыройлы болғысы келеді.

1941 жылы соғысқа аттанып, оқ пен оттың ортасында кеңес жауынгерлерінің аман қалуына зор еңбек сіңірген Кеңесбай Смағұлұлы Мәскеуді қорғауға, Кенингсберг қаласын, Белоруссияны, Польшаны босатуға қатысып, Берлинді алуда ерлік көрсеткен жерлесіміз. Отан алдындағы ерлігі үшін 2 мәрте «Қызыл жұлдыз», екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
1964 жылы әскери қызметтен демалысқа шығып, облыстың денсаулық сақтау саласының өркендеуіне үлесін қосты. Денсаулық сақтау саласының кәсіподағын 20 жыл басқарып, ерен еңбектің үлгісін танытты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: