Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантин кезінде уақытпен санаспаған ұжым

02.11.2020, 16:00 270 0

HALYQLINE.KZ 2020 жыл халқымызды пандемия індеті дүрліктіргені рас, ауру келеді де кетеді, өмір өз жалғасын табатыны да рас. Елімізде төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин кезінде халық күнкөріс көзінен айырылғанда, үкімет оларға 42500 теңге жәрдемақы тағайындады.

2020 жылдың наурыз айынан бастап, яғни карантин жарияланғаннан бастап 23000-ға жуық адам осы жәрдем ақшаны алған екен. Қазалы аудан халқына 1 жылда төлейтін зейнетақы мен жалпы әлеуметтік төлемдер 13 миллиард 200 миллион теңге екен. Осындай орасан зор санның артында ерең еңбектің иелері бар екенің біліп, осы жәрдемақы тағайындайтың мекеменің табалдырығын аттадым.

Кеңес заманында бұл мекемені халық «райсобез» деп атаған аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі болатын. 1997 жылдан бастап «Зейнетақы төлеу орталығы» болды. 2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясының» әлеуметтік сала бойынша Қазалы аудандық бөлімі» деп аталады.

Бөлім басшысы Құлмұрат Тәуірбай мекеменің жұмысын ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген шумағына сәйкес түсіндіріп айтуы маған қатты әсер етті.

Сәби ана құрсағына біткеннен бастап есептеліп, анасының босануға дейінгі және кейінгі, сосын бір жасқа дейінгі несібесін, анасы көпбалалы болса, 18 жасқа дейінгі жәрдем ақысын есептеп төлейді. Ол бала есейіп жұмыс істеп жүргенде еңбекке уақытша жарамсыз болса жәрдемақысын есептеп төлейді, мүгедек болған жағдайда өмірлік жәрдемақы тағайындайды. Ол адам зейнет жасына келгенде зейнетақысын есептеп шығарады, ең сонында жасы келіп о дүниелік болғанда да жерлеу үшін соңғы несібесін есептеп төлейді.

Мекемеде Қазалы ауданы бойынша 17 адамға 26 500 бетесеп ашылып, оларға ай сайын 1,5 миллиард теңге әлеуметтік төлем төленеді, оның 780 млн теңгесі зейнетақы, 270 млн теңге мүгедектердің, 470 млн теңгесі – көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы.

Жоғарыда аудан халқына жылына 13 миллиард 200 млн төленгенің айтып өткенмін, карантин кезінде мекеме қызметкерлері уақытпен санаспай есептеп үлгеруі үшін демалыс күндері де жұмыс істеген болатын, тіпті пандемиямен ауырып шықандары болды. Мекеме қызметкерлері де бұл қиыншылықтың уақытша екендігіне түсіністікпен қарап өз жұмыстарын абыроймен атқарып шықты.

Мекемеде 13 қызметкерлер бар, олардың әрқайсысы атап өтуге лайық жандар. Бас мамандар Аылбек Күншығар мен Қылышбай Қанат тағайындалған төлемдер мен бетесптердің дұрыстығын тексеріп, құқық органдар мен кірістер басқармасымен жұмыстарды үйлестіреді.

Мамандар Қоныс Көбегенов, Рауан Шыныбаев, Серік Бегалы, Дулат Нұралиев, Мәтіш Эльмира және Жанат Нұралиевалар әлеуметтік төлемді тағайындауға келеген азаматтарға керекті құжаттардың кем-құтығын айтып түсіндіреді, еңбек табысын есептеп береді. Аудандағы және ауданнан тыс жерлердегі зейнеткерлер қайтыс болғанда аудандық ішкі істер бөлімі мен АХАТ тарапынан келіп түскен ақпарға сай зейнетақысын дер кезінде тоқтатады. Мұрағатшы Салжекешова Айқанның да жұмысы жетіп артылады, мұрағатта сақталған 35000 құжат бар, кез келген уақытта керек мәліметті келушілерге тауып береді.

Халықтың алғысына бөленген мекеме қызметкерлерінің басшысы, қаржыгерлер отбасында дүниеге келген Құлмұрат Тәуірбай туралы да ерекше атап өтуге болады. Әкесі Құлмұрат Задаш жоғары білімді экономист-есепші ретінде бірнеше кеңшарларда, ДСУ-8, ЖБИ мекемелерінде қызмет істеп «РЗА» АҚ-да абыройлы еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. Анасы Мариямкүл де есепші-экономист күйеуі Задаш қызмет еткен жерлерде қызмет етіп зейнеткерлікке шықан соң дүниеден өтті. Задаш пен Мариямкүлдің балаларының барлыға жоғары білімді, Тәуіржаны – Әйтеке би кентінде бөлім меңгерушісі, Айгүл – №266 лицейде мұғалім, Гүлжазира – аудандық ауруханада хирург-дәрігер.

Тәуірбай кенттегі №216 мектепті белгілі ұстаз Қожантаева Сәуленің сыныбанын күміс медальмен бітірді. 2001 жылы Қорқыт ата атындағы университетін банк саласының қаржыгері мамандығы бойынша бітіріп келгеннен бастап осы мекемеге қызметке тұрды. Сол кездегі Астана қаласындағы әлеуметтік сала қызметкерлерін даяралайтын курсты бітіріп алды. 2004 жылы аға маман, 2006 жылы бас маман болды. 2007 жылдан бастап мекеме басшысы. Келіншегі №234 мектепте қызмет істейтін Гүлжазира екеуі екі қыз тәрбиелеуде.

Жас та болса осы салада қызмет еткенінің өзіне 20 жылдай уақыт болыпты, еңбегі еленіп Әлеуметтік министрдің қолынан «Әлеуметтік саланың үздігі» медалін алды. Корппорацияның «Әлеуметтік саланың құрметті қызметкері» деген медальге де ие болды.

Бақытжан ТҮМЕНБАЙ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: