Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлік нысандары карантин талаптарына бағынуы керек

30.07.2020, 9:55 314 0

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда Қазалы ауданында індеттің алдын алу, таратпау мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде.

Рейд барысында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауы, жұмыс уақыттары тексеріліп, саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беруде.

Осы аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері жүргізілген рейд жұмыстары кезінде 1 қоғамдық тамақтану орнында қызмет көрсетуші персоналдың медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз қызмет көрсеткені анықталды. Карантин кезіндегі талаптарды сақтамаған қызметкерге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қос азаматқа тиісті заңдылықтарға сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, 2 қоғамдық тамақтану орнына кемшіліктерді жою жөнінде ескерту жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: