Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкер балық қалдығынан ұн шығаруға бекініп отыр

26.06.2023, 11:05 151

HALYQLINE.KZ Индустрияландыру картасы аясында Қазалы ауданында балық қалдықтарынан балық ұнын шығаратын цех жүзеге асырылуда. Жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтың айтуынша, кәсіпорынның алғашқы өнімі – балық ұны. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер балық қалдықтарынан ұн және жем дайындайтын украиналық замануи техниканы сатып алған. Бұл құрылғы «Еуро 4» стандарты бойынша ұн және жем шығарады. Төребек Игіліков жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 20 млн теңге және өз қаражаты есебінен 10 млн теңге қаржы жұмсаған. Цех үшін Әйтеке би кентіндегі «Өндірістік аймақтан» арнайы ғимаратты да дайындаған. Аталған жоба индустриялық аймақта орналасқан.

– Балық ұнын өндіру технологиясы негізінен бірнеше кезеңді қамтиды: пісіру, пресс көмегімен артық сұйықтық пен майды кетіру, кептіру және ұнтақтау. Мамандандырылған агрегатты өсімдіктерді пайдалану құрамды тұрақтандыруға мүмкіндік береді және сапаны бақылауды қамтамасыз етеді. Шығарылатын ұнды құс, мал азығына және егіншілікке тынайтқыш есебінде пайдалануға болады. Цех техникалық құралдармен қамтылған. Ұн шығаратын станогымызды орнатып, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек, басқа да станоктарымыз орнатылды. Облысымызда жалғыз цех болғандықтан, сұраныс болады деген сенімдеміз, – дейді кәсіпкер.

Бұл жоба ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған, жергілікті халықтың сапалы балық өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, балық өнімінің сапасы мен дәмін жақсартып, ассортиментті кеңейту болып табылады. Жоба аясында балық өңдеу цехын кеңейтіліп, сүбе шығару зауыты жұмыс жасауда. Қазіргі таңда зауытта өңделетін балық өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мақсатында «Еврокод» алынып, европалық стандарттарға сай жұмыс жасауда. Өндірілген балық ұнының 70 пайызы ресейлік тұтынушыларға сатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: