Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электронды түрде қызмет алу үлесі артып келеді

14.08.2020, 12:00 309

HALYQLINE.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев аймақтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жай-күйін баяндады.

Қазіргі таңда, облыстағы жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдармен 366 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

«2020 жылдың 6 айында облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 1608263 қызмет көрсетілген. Электронды түрде қызметтер алу үлесі 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға артып, нәтижесінде 88 пайызды құрап отыр», – деді Н.Талқанбаев.

2020 жылғы мамыр айынан бастап мемлекеттік қызметтер алу жүйесінің жаңа форматына сәйкес электронды ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына келмей, «Электронды үкімет порталы» «eGov mobile» және Telegram қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» боты арқылы алуға мүмкіншілік жасалған.

Қазіргі таңда халықтың қызмет алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс көлемінде 574 «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: