Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ірі ақталған күріш өндірушілерге қатысты айыппұлдар салынды

19.06.2023, 10:20 170

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысы бойынша 6 ірі ақталған күріш өндіруші және көтерме саудада өткізуші нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулер жұмыстары жүргізілді.

Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни ақталған күрішті көтерме сауда өткізу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері анықталды.

Осыған орай, аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды.

Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен жалпы 67 942 133 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Алмасхан МАДИЕВ,

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: