Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Интернет жоқ кезде немен айналысуға болады?

13.01.2022, 10:00 607

Халық наразылығы дүрбелеңге ұласып, елімізге қауіп төнді. Соның әсерінен қарапайым халыққа біршама шектеу қойылды. Мысалы, интернет уақытша үзілді. Оның жоқтығы, әсіресе, жастарға қиын болғандай. «Үйде жатып, не істеймін?» деген сауалдар әбден қажытса, біз ұсынған 10 кеңесті істеп көріңіз. Бәлкім, өзіңіздің жаңа дарыныңызды ашып, талантыңызбен таныларс­ыз.

1. Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Кітап көненің көзі болса да, адам баласының тарихындағы ең ерекше дүние болып қалады. Кітап оқу – тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Сол себепті үйіңізде бар кітапты дереу оқыңыз.

2. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр абонентке 200 СМС/300 минут тегін берілді. Осыны тиімді пайдалана отырып, жақындарыңызға хабарласып, «мал-жан аман ба?» екенін сұраңыз. Қиын шақта қолдау білдіріңіз.

3. Үйіңізге көңіл бөліңіз. Мансап ізінде кетіп, кейде көп жұмыс­ты кейінге қалдырып жатамыз. Мысалы, сынық орындық, істен шыққан сағат. Тіпті қылтиманы көпшілігі керек емес заттарды сақтайтын қойма ретінде пайдаланады. Сол толастаған заттарды бір қарап, керек емесін қоқысқа тас­тауға  кеңес  береміз.

4. Спортпен шұғылданыңыз. «Шынықсаң, шымыр болар­сың!» дегенді естен шығармаңыз. Өйткені өмірдегі бар байлық – денсаулық.

5. Тамақ әзірлеп көріңіз. Интернеттен рецептті оқып, соның көмегімен дәмді тағам жасау оңай. Аспаз­дық эксперимент туралы не дейсіз? Мүмкін қазақтың  Гордон  Рамзиі  шығарсыз.

6. Отбасылық фотоальбомдарыңызды ашып көріңіз.  Бала кезіңізде қандай болғаныңызды, ата-анаңыз бен ата-әжелеріңіздің қандай бол­ғанын еске түсіріңіз. Ұрпақтар арасындағы байлан­ысты  сезіну де керемет емес пе?

7. Жиһаздардың орнын ауыстырыңыз. Сіздің таңғалатыныңызға күмән келтір­мейміз. Кішкене ғана өзгерістің өзі жаңа пәтерге көшкендей  әсер  қалдырады.

8. Медитациямен айналысыңыз. Бұл мүлдем қиын емес, жай ғана көзіңізді жұмып, терең дем алсаңыз жеткілікті. Есесіне миыңыз тынығып қалады.

9. Күнделік арнаңыз. Көбі осы үрдісті ұстана бермейді. Қағазға түскен армандарыңыз мақса­тыңыз­ға айналып, шынайы өмірде қол жеткізуіңізге жүйелі жоспардың  көмегі  мол.

10. Халықтың сеніміне айналған «Халық» газетінің тұрақты оқырманы болыңыз. Өңірдегі мәселе туралы ақпарат беріп қана қоймай, соның шешімін табуға үлес қосып жүрген басылымның бере­рі мол. Жақында шы­ғармашылық ортаға жаңадан жастар қосылды. Солардың шығармасын оқып, баға беріңіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: