Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

10.01.2022, 10:05 478

HALYQLINE.KZ Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, қаңтардың 10-ынан бастап еліміздің өзге өңірлеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсете бастады. Азаматтарға барлық қызмет түрі қолжетімді. Әзірге тек Жамбыл облысында паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу қызметі көрсетілмейді.

Одан бөлек мамандандырылған ХҚО-ның қызметі әзірге қолжетімсіз. Олардың және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бөлімдердің жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Байланыс сапасына қарай кейбір қызметтер ара-тұра қолжетімсіз болуы ықтимал екенін алдын ала ескертеміз.

Жұмыс жанданған өңірлердегі ХҚО-лардың жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, террорлық қатердің қызыл деңгейі енгізілді. Клиенттерімізді абай болуға шақырамыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: