Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халыққа ортақ мереке

23.07.2020, 17:50 655

«Халықтың» тойы – халыққа ортақ мереке. Бүгінде 20 жылдық мерейлі межені абыроймен еңсерген басылым ұжымын шын жүректен құттықтаймын!

«Халық» республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық газетінің алғаш нөмірі 2000 жылы оқырманға жол тартты. Осы жылдар ішінде газет ақпарат айдынында өзіндік орны қалыптасқан, бағыт-бағдарын айқындап, қалың оқырманын тапқан беделді басылымға айналды.
Мәселенің мәнісіне үңіліп, бүгінгінің болмысын ой-талқыға салып, жаңалық жаршысы, жақсылықтың хабаршысы, қалың жұрттың іздеп жүріп оқитын басылымы болды. Қоғамның тынысын таразылап, халықтың көкейіндегіні көпке жеткізуде «Халықтың» алар орны ерек.
Басылым қаламды серік етіп, журналистика әлеміне жатсынбай енген жастардың шығармашылығына да қашанда ерекше қолдау көрсетіп келеді. Осы ұжымға келіп қаламына қанат бітіп, айтар ойы мен сөзі қалыптасқан қанша қабілетті қаламгерлерді білеміз. Ұрпақ сабақтастығы қалыптасқан ұжым журналистиканың жаңа тенденцияларын да өндіріске батыл енгізіп келеді.

Мәселен, жыл басында жұмысын бастаған «Нalyqline.kz» сайты аз уақытта оқырманның оң бағасын алып үлгерді. Бүгінде жаңашылдыққа иек артқан ұжымның табанды еңбегімен жүйелі жұмысының нәтижесінде оқырмандар саны 5 мыңнан асты. Бұл –еселі еңбектің жемісі.

Өңіріміздің тыныс-тіршілігін насихаттау жолында тынымсыз еңбек етіп, аймағымыздың ақпарат айдынының алыбына айналып келесіздер. Абыройы тек біздің өңірімізде ғана емес республика көлемінде кеңінен танымалдылыққа ие елмен етене басылым шығармашылықтың өрлеу биігінен көрініп, бұқараның бас басылымына айналсын.

Халық пен билік арасында дәнекер бола білген «Халық» газетінің ұжымын 20 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай келе, Сіздерге жаңа тыныс, шығармашылық табыс тілеймін!

Қаламдарыңыз қарымды болсын, басылымның бағы мен бабы қатар жансын!

Ізгі ниетпен,
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ,
Қызылорда қаласының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: