Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғасыр-жүрек тоқтады…

15.07.2020, 10:55 498

HALYQLINE.KZ Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Бөрібай Құлманов та мына жалғаннан кете барды.

Бөрібай Құлманов 1920 жылы 6 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. Жастайынан жоқшылықты көрген ол жеті жылдық мектептен кейін, 1934 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауылшаруашылығы бөлімінде бастаған. 1940 жылы Мәкеудегі әскери училищеге курсант болып қабылданып, 1941 жылғы 1 мамырда Қызыл алаңда өткен әскери шеруге қатысады. Сол жылы лейтенант шенінде, минометшілер ротасының командирі болып майданға аттанады. Ұлы Жеңісті Германияның Штеттин қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталған жылы ерекше тапсырмамен Қытайдағы Синцъзянь провинциясында қызмет атқарады.

Бөрібай Құлманов майдандағы ерлік істері үшін «Қызыл жұлдыз», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. Облыстың экономикасын, мәдениеті мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облыс әкімінің (2015 жыл) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: