Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерболат Көштаев: «Жол құрылысында сапаға мән беріліп келеді»

19.01.2023, 12:25 177

HALYQLINE.KZ Жылдан жылға аймақ жолдарының жай-күйі жақсарып, жол құрылысының сапасы артып келеді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандары облыс бойынша соңғы екі жылға жүргізген талдауына сәйкес бұл бағытта оң өзгерістер бар. Мәселен, 2021 жылы зертханалық тексеруден өткен жол құрылыс материалдарының 35 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сай болмай шықса, былтыр бұл көрсеткіш 22 пайыздан аспаған. Жалпы өзге өңірлердегі статистикамен салыстыратын болсақ, бұл – жақсы нәтиже. Яғни, жергілікті мердігерлер жол салуда бұрынғы олқылықтарды ескеріп, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарай бастаған. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та жол инфрақұрылымына айрықша басымдық беріп, жол құрылысы бойынша талап күшейіп, заң нормалары қатандатылды. Өткен жылы орталық мамандарымен анықталған ахаулар бойынша сын-ескертпелердің нәтижесімен жалпы сомасы 210 миллион теңгені құрайтын асфальт жабындысы сүріліп, нормативтік талаптарға сай қайта салынды.

Сондай-ақ, орталықпен соңғы екі жылда жол құрылысының сапасына тікелей жауапты 20 нысан бойынша техникалық қадағалаушыларға жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін шара көру туралы ұсыныс хаттар берілген. 2021 жылы екі маманға айыппұл салынып, 6 айға лицензиясы тоқтатылса, былтыр бір техникалық қадағалаушыға қатаң шара қолданылды.

Ерболат КӨШТАЕВ,

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ директоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: