Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елорда күніне орай Қызылорда 40 іс-шара өткізеді

02.07.2020, 13:15 543

HALYQLINE.KZ Өңірде Елорда күніне орай облыс жастарының ұйымдастыруымен «Менің Елордам!» атты іс-шаралар топтамасы өтеді. Онлайн форматтағы 7 мерекелік шара «Сыр болашағы» ютуб каналында жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.

«Ел астанасы күні аясында өткізілетін барлық шаралар жастар ресурстық орталықтары және жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп онлайн форматта болады. Шараның бағдарламасына сәйкес жастардың мерекелік құттықтаулары, челлендждер, жас суретшілер байқауы, интеллектуалды ойындар және пробация есебіндегі кәмелетке толмаған жастарға «Кітап сыйла» акциясы жүргізілетін болады. Облыс бойынша әртүрлі форматтағы 40 іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 33-і – қала, аудан деңгейінде болса, 7-еуі – облыстық. Мерекелік шаралар легі жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «АРТ» рухани-мәдени клубы мүшелерінің Астана күніне тартуы ретінде «Домбыра думан» атты акциясымен жалғасады», – деді Қуаныш Қуантқанұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: