Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елді мекендерге қосымша 36 мобильді топ қосылды

23.07.2020, 9:40 391

HALYQLINE.KZ  Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау үшін облыс бойынша 125 мобильді топ ұйымдастырылып, оның 33-і – қалада, 28-і аудан орталықтарында және 64-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда елді-мекендерге қосымша 36 мобильді топ қосылып, шалғай ауылдардағы мобильді топ саны барлығы 100-ге жетті.

Ал қалған 33-і – қалада, 28-і аудан орталықтарында бұрынғыша қызметін жалғастыруда. Бүгінгі таңда аймақ бойынша емхана жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде.

Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші кіреді.

Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№1, 6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы теміржол» ЖШС) іске қосылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: