Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елде 30-дан астам Достық үйі жұмыс істейді

01.05.2026, 15:09 48

Қазақстанда 30-дан астам Достық үйі жұмыс істейді. Бұл мекемелер елдегі этносаралық келісім мен мәдени байланысты нығайтуға бағытталған алаң ретінде қызмет етіп келеді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 мамыр мерекесінің ел өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, халық бірлігі, ортақ тарихи тағдыр, теңдік пен татулық идеялары жаңа Халықтық Конституцияда да көрініс тапқан.  

Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктердің іс-шаралары, концерттер, көрмелер, кездесулер мен ағартушылық бағыттағы жобалар өткізіледі. Мұндай орталықтар Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін танытуға және қоғамдық келісімді күшейтуге ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: