Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу желілері жаңғыртылады

29.03.2024, 18:15 70

HALYQLINE.KZ

Облыстық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жылу желілерін және қазандықтарды жаңғырту мәселесіне тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Үкіметке төрт ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырды. Ең алдымен, жұмыс істеп тұрған жылу орталықтарын жөндеу, инженерлік жүйелерді жаңғырту керектігі айтылды. Тозған жылу желілерін азайту үшін жаңғыртудың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 122,5 млн теңге қаралуда. Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асуы үшін жаңа жылу-электр орталығына автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) орнатып, газ құбырын жеткізуге 925 млн теңге бөлінуде», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыстық мәслихат депутаттары жылу желілерін жаңғыртуға қатысты жобаларды қолдады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: