Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері қанша жолаушы тасымалданды

30.07.2021, 17:40 237

HALYQLINE.KZ

Биыл аймағымызда теміржол көлігі арқылы 589,7 мың жолаушы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов баяндады.

Аймақ орталығынан 5 бағытқа жолаушылар пойызы ұйымдастырылса, облыс аумағынан жүретін пойыз саны 19 жұпты құрайды. Бүгінде 9 жұп пойызы коронавирус пандемиясына байланысты өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Оның 7-еуі – халықаралық, 1-еуі – облысаралық, 1-еуі – қаламаңы бағытына қатынайтындар. Облысаралық тұрақты маршруттардың уақытша тоқтатылуы жолаушылар ағымының төменгі көрсеткіш көрсетуіне әсер етуде. Дегенмен жыл басынан бері өңіріміздегі 8 теміржол вокзалы арқылы қалған бағыттағы көлік құралдары 600 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, діттеген жеріне жеткізген.

Сондай-ақ, өңірімізде 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 қоғамдық көлік бар. Олар аймақтағы 3 автовокзал және 8 автобекет арқылы қызметтерін жүзеге асыруда.

Айта кету керек, 1 тамыз – еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға септігі мол, экономикамыздың негізгі локомативі саналатын көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: