Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық банк ескертеді

22.01.2021, 11:30 538

HALYQLINE.KZ  Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады.

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты, азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз»,– делінген ҰБ хабарламасында.

Филиалдардың мекенжайы мен байланыс құралдарын мына сілтеме арқылы білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: